Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 619 мыңнан асты.

1544859
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 619 мың, расталған оқиға саны 72 миллион 659 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 50 миллион 876 мыңға жетті.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан өлім-жітім 306 мың 459-ға өсті. Елде вирус жұқтырған адам саны 16 миллион 737 мың 267 болып тіркелді.

Францияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 57 мың 911, оқиға саны 2 миллион 376 мың 852 болды.

Ұлыбританияда ковид-19 салдарынан өлім-жітім 64 мың 170-ке көбейді. Елде вирус жұқтырған адам саны 1 миллион 849 мың 403 болды.

Германияда ковид-19 салдарынан 22 мың 406 адам қайтыс болды. Расталған оқиға саны 1 миллион 338 мың 483-тен асты.

Ковид-19 себепті кейбір елдердегі өлім-жітімдер мынадай:

Бразилия 181 мың 419, Мексика 133 мың 953, Италия 64 мың 520, Испания 47 мың 624, Аргентина 40 мың 766, Колумбия 39 мың 53, Перу 36 мың 677, Польша 22 мың 864, Белгия 17 мың 951, Чили 15 мың 886, Украина 15 мың 154, Эквадор 13 мың 875, Канада 13 мың 431, Румыния 13 мың 385 және Голландия 10 мың 48.



Ұқсас жаңалықтар