Коронавируста соңғы жағдай

Әлем көлемінде өлім-жітім 1 миллион 563 мыңға жетті.

1542046
Коронавируста соңғы жағдай

Коронавирустың жаңа түрінен қайтыс болған адам саны әлем көлемінде 1 миллион 563 мың, расталған оқиға саны 68 миллион 603 мыңнан асты. Сауығып кеткендер саны 47 миллион 491 мыңға жетті.

АҚШ-та Ковид-19 эпидемиясынан 1 тәулікте қайтыс болған 1 мың 896 адамды қосқанда өлім-жітім 293 мың 445-ке өсті. Елде вирус жұқтырған адам саны 208 мың 166-ға көбейіп, 15 миллион 593 мың 814 болып тіркелді.

Ұлыбританияда вирустан қайтыс болғандар саны 62 мың 33,  вирус жұқтырғандар саны 1 миллион 750 мың болды.

Италияда эпидемия басталған күннен бері өлім-жітім 61 мың 240-ға жетті. Елде вирус жұқтырғандар саны 14 мың 842-ге көбейіп, 1 миллион 757 мың 394-ке өсті.

Францияда эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 56 мың 352, оқиға саны 2 миллион 309 мың болды.

Испанияда ковид-19 салдарынан өлім-жітім 46 мың 646-ға жетті. Расталған оқиға саны 1 миллион 715 мыңнан асты.

Эпидемия себепті 9 мың 775 адам қайтыс болған Голландияда оқиға саны 570 мың 437-ге жетті. Елде орташа бір күндік оқиға саны болса 6 мыңнан асып, арта түсті.

Украинада вирустан қайтыс болғандар саны 14 мың 204,  вирус жұқтырғандар саны 845 мың 343 болды.

Ковид-19 себепті кейбір елдердегі өлім-жітімдер мынадай:

Бразилия 178 мың 184, Мексика 110 мың 874, Аргентина 40 мың 9, Колумбия 38 мың 158, Перу 36 мың 401, Польша 20 мың 592, Белгия 17 мың 507, Чили 15 мың 680, Эквадор 13 мың 794, Канада 12 мың 867 және Румыния 12 мың 660.



Ұқсас жаңалықтар