Қазақстан эпидемияның екінші толқынына дайындалуда

Кейбір елдердің коронавирус көрсеткіштері.

1529018
Қазақстан эпидемияның екінші толқынына дайындалуда

Әлем көлемінде коронавирус себебімен қайтыс болған адам саны бір миллион 332 мыңнан асты. Вирус жұқтыру оқиғасы 55 миллион 350 мың, сауығып кеткендердің саны 38 миллион 494 мың болды.

1 мың 952 адам қайтыс болған Қазақстанда эпидемия салдарынан оқиға саны 121 мың 653-ке жетті. Елдің ковид-19 эпидемиясының екінші толқынына жақын екені және күрес тақырыбында дайындықтардың жалғасқаны атап көрсетілді.

Үндістанда эпидемияда 130 мың 559 адам қайтыс болды. 8 миллион 874 мың адамға вирус жұқты.

Иранда коронавирустан 41 мың 979 қайтыс болды.  Елде 775 мың 121 адамға вирус жұқты. Елде қан берушілер санының азайып, 5 күндік қан резерві қалғаны білдірілді. Иранда ковид-19 салдарынан рискті қалаларда сағат 21.00 мен 04.00 арасында жеке көліктермен көшеге шығуға тыйым салынды.

Ковид-19 салдарынан Ресейде қайтыс болғандардың саны 33 мың 489-ға жетті. Бір миллион 948 мың 600 адамға вирус жұқты.

Африка құрлығы бойынша эпидемиядан қайтыс болғандардың саны 281-ге көбейіп, жалпы саны 47 мың 719-ға жетті.  Құрлықта соңғы 24 сағатта 10 мың 389 адам вирус жұқтырып, вирус жұққан адам саны барлығы бір миллион 998 мың 121 болды. Коронавирустан құрлықта ең көп өлім-жітім Оңтүстік Африкада тіркелді. Бұл елде 20 мың 314 адам қайтыс болды.  Мысырда 6 мың 465, Мароккода болса 4 мың 850 адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар