Эпидемия салдарынан әлемде өлім-жітім 908 мың 522-ден асты

Сауығып кеткендердің саны 20 миллион 120 мың болды.

1488043
Эпидемия салдарынан әлемде өлім-жітім 908 мың 522-ден асты

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем көлемінде 908 мың 522-ден асты. Оқиға саны 28 миллион 53 мың, сауығып кеткендердің саны 20 миллион 120 мыңға жетті.

Әлемде ковид-19 оқиғалары мен вирусқа қатысты өлім-жітім ең көп болған ел АҚШ-та қазірге дейін эпидемия салдарынан 195 мың 239 адам көз жұмды, 6 миллион 549 мың 475 оқиға тіркелді. Президент Дональд Трамп эпидемияны мәнсіз көрсеткені жайлы айыптаулармен байланысты «Халықты үрейге итермелегіміз келмеді» деді. Трамп «Біз ұлт ретінде сенім мен күш көрсеткіміз келеді. Менің де жасағаным осы» деді. 

Бразилияда соңғы 24 сағатта эпидемия салдарынан көз жұмған мың 75 адамды қосқанда, елде ковидтен қайтыс болған адам саны 128 мың 653-ке, расталған оқиға саны 35 мың 816 артып, 4 миллион 199 мың 332-ге жетті. 

Соңғы 1 тәулікте ковид-19 салдарынан өлім-жітім 611-ге көбейіп, жалпы 69 мың 95-тен асқан Мексикада расталған оқиға саны 4 мың 647 артып, 647 мың 507 болды. 

Италияда соңғы 24 сағатта коронавирустың жаңа түрінен 14 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 35 мың 577-ке  жетті. 1434 жаңа оқиға қосылып, ковид жұқтырғандар саны 281 мың 583 болды. Премьер-министр Джузеппе Конте мектептерді қайтадан ашу үшін көп жұмыс істегендерін атап «Оқу жылы біздің бұл еңбектенуіміздің арқасында ашылады. Мектептер 14 қыркүйекте әдеттегідей қайта ашылады» деді. Премьер-министр Конте мектептерді қайта ашу үшін 7 миллиард евролық қаржы бөлгендерін де білдірді. 

Францияда соңғы 24 сағатта 30 адам қайтыс болды.  Осылайша өлім-жітім жалпы 30 мың 794, 8 мың 477 адам вирус жұқтырып, инфекция жұқтырғандар саны 344 мың 101-ге өсті. Елде тестердің позитив шығу көрсеткіші 5,2 пайыз тіркелді. 

Австралияда ковид-19 ең көп ықпал еткен Виктория штатында соңғы 24 сағатта 7 адам көз жұмды. Осылайша штатта қайтыс болғандар саны 701, ел көлемінде 788 болды. 



Ұқсас жаңалықтар