Өлім-жітім әлем көлемінде 433 мың 107-ден асты

Жазылып кеткендер саны 4 миллион 65 мың болды.

1435397
Өлім-жітім әлем көлемінде 433 мың 107-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 433 мың 107-ден асты. Расталған оқиға саны 7 миллион 904 мың, жазылып кеткендер саны 4 миллион 65 мың болды.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда Covid-19 cалдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 181-ге көбейіп, 41 мың 662-ге өсті. Расталған 1 425 жаңа оқиғаны қосқанда, вирусты жұқтырғандар саны 294 мың 375-ке жетті. 

Италияда коронавирус салдарынан бір күнде қайтыс болған адам саны 78-ге көбейіп, 34 мың 301, вирус жұқтырғандар саны болса мың 512 азайып, 27 мың 485 болды. Соңғы 24 сағатта 346 жаңа оқиға тіркелді.

Францияда  Covid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта 24 адамның қайтыс болуымен, өлім-жітім 29 мың 398-ге, вирус жұқтырғандар саны 526-ға көбейіп, 194 мың 218-ге жетті.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 24 сағатта өлім тіркелмегенін жариялады. Қазірше қайтыс болғандар саны 27 мың 136 деп қайталанды. Жаңа оқиға саны 130 болған елде вирусты жұқтырғандар саны 243 мың 605.

Португалияда Сovid-19 салдарынан соңғы 24 сағатта қаза тапқан 7 адамды қосқанда, қайтыс болғандар саны мың 512-ге, оқиға саны 283-ке көбейіп, 36 мың 463-ке жетті.

Бразилияда соңғы 24 сағатта көз жұмған 892 адамды қосқанда, жалпы қайтыс болғандар саны 42 мың 791, оқиға саны 21 мың 704-ке көбейіп, 850 мың 514 болды.

Мексикада соңғы 1 тәулікте Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 424 адамға көбейіп, жалпы 16 мың 872-ге жетті. Елде оқиға саны 3 мың 494-ке көбейіп, 142 мың 690 болды.



Ұқсас жаңалықтар