269 аракандық босқын бақылау астына алынды

Малайзияға заңсыз жолдармен барған 269 аракандық босқын бақылау астына алынды.

1432839
269 аракандық босқын бақылау астына алынды

Мьянмадағы этникалық бөлшектеушілік және жәбірлеуден қашып, Малайзияға заңсыз жолдармен барған 269 аракандық босқын бақылау астына алынды. 

Малайзия Теңіз қауіпсіздік басқармасынан жасалған мәлімдемеде түнгі уақыттарда елдің батыс жағалауындағы Лангкави аралына жақындаған бір босқын кемесінің тоқтатылғаны білдірілді. 

Теңіз қауіпсіздік топтарының кемеден теңізге секірген 53 босқын мен кемедегі 216 босқынды бақылау астына алғаны баяндалды. 

Босқындардың аракандық екені және қайтарылатыны мәлімденді. 

Малайзия 17 сәуірде теңіз жолымен елге кіруге тырысқан 200 аракандық босқынды жаңа коронавирус қаупі салдарынан еліне қайтарылған еді. 

 



Ұқсас жаңалықтар