Әлем көлемінде өлім-жітім 300 мыңнан асты

Жазылып кеткендер саны да 1 миллион 621 мың болды.

1416860
Әлем көлемінде өлім-жітім 300 мыңнан асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 300 мыңға жақындап, расталған оқиға саны 4 миллион 400 мыңнан асты. Жазылып кеткендер саны да 1 миллион 621 мың болды.

83 мың 491 өлім-жітім және 1 миллион 410 мың 168 оқиғамен эпидемияның орталығына айналған АҚШ-та президент Дональд Трамп Қытаймен сауда келісіміне қол қойғаннан қысқа уақыт өткен соң жаңа тип коронавирус эпидемиясының ортаға шыққанын еске салып, «Қол қойылған 100 сауда келісімі қайтыс болғандарды орнына қайтып әкелмейді» деді.

Италияда коронавирустан бір күнде 195 адам қайтыс болды. Қайтыс болғандардың жалпы саны 31 мың 106-ге жетті. Расталған оқиға саны 2 мың 809 азайып, 78 мың 457-ге шегерілді.

Францияда соңғы бір тәулікте қайтыс болғандар саны 83-ке көбейіп, 27 мың 74 болды.



Ұқсас жаңалықтар