Коронавирустан өлім-жітім әлем көлемінде 244 мың 791-ден асты

Оқиға саны 3 миллион 484 мыңнан асты.

1409536
Коронавирустан өлім-жітім әлем көлемінде 244 мың 791-ден асты

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 244 мың 791-ден, расталған оқиға саны да 3 миллион 484 мың 632-ден асты. Жазылып кеткендер саны болса 1 миллион 124 мың 324 болды.

АҚШ-та эпидемия салдарынан 67 мың 448 адам көз жұмса, елде 1 миллион 160 мың 838 адамда Сovid-19 эпидемиясы расталды.

Италияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 474 артып, 28 мың 710-ға жетті. Расталған оқиға саны да 209 мың 328-ге жетті.

Францияда Сovid-19 эпидемиясы салдарынан соңғы 1 тәулікте қайтыс болған адам саны 166-ға көбейіп, 24 мың 760 болды. Расталған оқиға саны 168 мың 36-ға жетті.

Ұлыбританияда Сovid-19 салдарынан қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 621 көбейіп, 28 мың 131, расталған оқиға саны 4 мың 806 артып, 182 мың 260 болды.



Ұқсас жаңалықтар