PKK террор ұйымы Идлибте қырғын қалайды

YPG/PKK-ның баспасөз координаторларының Ибрахим Ибрахим

1399183
PKK террор ұйымы Идлибте қырғын қалайды

Бөлшектеуші террор ұйымы PKK Идлибте қырғын жасауды қалайды.

Сирия Демократиялық күштер (СДГ) деп аталған бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның баспасөз жауапкері Ибрахим Ибрахим Идлиб тұрғындарының жаппай террорист екенін алға тартып, сол жерде 2 миллион адамды қыру керектігін алға тартты.

Ибрахим сириялық оппозиционерлерге тиесілі «Syria TV»-де жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күрес тақырыбындағы бір бағдарламаға видео конференция арқылы қатысты.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының Идлибке эпидемиямен күрес аясында  көмек жролағанын, мұның террористтерге қолдау деген мағынаға келгенін алға тартқан Ибрахим «Идлибте өмір сүргендер террористтер» деді.

Ибрахим бағдарлама жүргізушінің «Идлибте 4 миллион адам бар. Сонда 4 миллион террорист бар дейсіз бе?» деген сұрағына «Иә, 4 миллион. 4 миллион болмаса да, кем дегенде 75 пайызы немесе 50 пайызы террористтер. Қалғандар жазықсыз адамдар» деді.

Жүргізуші «Олардың бәрін қыру керек пе?» деген сұрақ қойды. Ибрахим бұл сұраққа ойланбай «Иә, оларды өлтіру керек» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар