Эпидемия салдарынан шығыста көз жұмған адам саны көбейді

Әлемде Сovid-19 салдарынан көз жұмғандар саны 135 мың 564-ге жетті.

1399348
Эпидемия салдарынан шығыста көз жұмған адам саны көбейді

Бүкіл әлемде жаңа тип коронавирус (Сovid-19)  салдарынан қайтыс болған адам саны 135 мың 564-ге жетті. Оқиға саны 2 миллион 94 мың 839, жазылғандар саны 520 мың 930-дан асып түсті.

Қайтыс болған адам саны 3 мың 342-ге жеткен Қытайда соңғы 24 сағаттың ішінде 46 адам вирустан опат болды. Осылайша Қытайдағы коронавирус оқиға саны 82 мың 341-ге жетті.

Иранда 4 мың 869 адам қайтыс болса, оқиға саны 76 мың 389-ға жетті.

Ресейде коронавирус оқиға саны 24 мың 490-ге ұласты.

108 адам қайтыс болған Украинада оқиға санының 4 мың 161 екені білдірілді.

Беларусь Денсаулық сақтау министрлігі көз жұмған адам санын 36-ға, оқиға санының 3 мың 728-ге ұласқанын білдірді.

Сovid-19 салдарынан 44 адам көз жұмған Молдовада болса 2 мың 49 оқиға тіркелді.

16 адам мерт болған және 240 оқиға тіркелген Қазақстанда төтенше жайдай 1 мамыр күніне дейін ұзартылды.

140 адам көз жұмған Израильде оқиға саны 12 мың 591 болды. Басқыншылық астындағы Иерусалимде өмір сүрген палестиналықтарға Covid-19 анализі жасалмағаны білдірілді.

Иракта эпидемия салдарынан 79 адам көз жұмса, оқиға саны мың 415-ге жетті.

Ливияда 35 оқиға тіркелді. 10 күн коменданттық сағат жарияланған елде маскасын жамылмаған ешкімге сыртта жүруге рұқсат берілмейді. 

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны Алжирде 336-ға, оқиға саны 2 мың 160-ға жеткені, жазылғандар санының да 708-ге ұласқаны атап көрсетілді.

Кувейтте оқиға санының мың 405 екені білдірілді.

Африка құрлығында қайтыс болғандар саны 910 болса, вирус жұқтырған адам саны 17 мыңнан асып түсті.

Үндістанда 423 адам эпидемиядан көз жұмса, оқиға саны 12 мың 456 болып жарияланды. 

124 адам қайтыс болған Пәкістанда оқиға саны 6 мың 505-ке ұласты.



Ұқсас жаңалықтар