Африка Одағы құрлықтың мүдделерін қорғау мақсатты 4 елші тағайындады

Африка Одағы Сovid-19-ға қарсы күрес аясында құрлықтың мүдделерін қорғау мақсатты шаралар қабылдады.

1397717
Африка Одағы құрлықтың мүдделерін қорғау мақсатты 4 елші тағайындады

Африка Одағы жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясына қарсы күрес аясында құрлықтың мүдделерін қорғау мақсатты арнайы 4 елші тағайындады.

Одақтың ресми интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеде Африка Одағы кезекті төрағасы және Оңтүстік Африка Республикасы президенті Сирил Рамафоса бұрынғы Әлемдік банкі төраға орынбасары Нгози Оконджо-Ивела, бұрынғы Руанда Қаржы және экономикалық жоспарлау министрі Дональд Каберука, бұрынғы Credit Suisse жоғары деңгейлі лауазымдысы Тиджане Тиам және бұрынғы Оңтүстік Африка Республикасы Қаржы министрі Тревор Мануэльді елші ретінде тағайындағанын білдірді.

Елшілердің Үлкен жиырмалық елдер тобы, Еуроодақ және басқа халықаралық қаржы мекемелердің Сovid-19 эпидемиясымен күрес үшін уәде еткен қолдауды қадағалайтыны атап көрсетілген мәлімдемеде «Эпидемияның Африка елдеріндегі әлеуметтік-экономика және саясатқа ықпалы назарға алынғанда бұл мекемелер маңызды қиыншылықтармен бетпе-бет қалған құрлық экономикасын қолдау керек. Бұл қолдау ауқымды бір құтқару пакеті және қарыздар мен проценттерді кейінге қалдыруды да қамдау керек» делінді.



Ұқсас жаңалықтар