АҚШ азаматтарына Қытайға бармауға кеңес берді

Қытайға саяхат ескертуін 4-ші дәрежеге көтерді.

1350721
АҚШ азаматтарына Қытайға бармауға кеңес берді

Америка Құрама Штаттары Сыртқы істер министрлігі азаматтарына Қытайға бармауға кеңес берді.

Сыртқы істер министрлігі Қытайдың Ухан қаласында басталып, әлемге тараған жаңа типтегі коронавирус себебімен Қытайға саяхат ескертуін 4-ші дәрежеге көтерді.

Хабарламада «Қытай көлемінде тараған коронавирус эпидемиясы себебімен Қытайға бармаңыздар.  Туристер кенеттен жүргізілетін саяхат шектемесіне дайын болуы керек.  Авиакомпаниялар Қытайға баратын және Қытайдан келетін рейстерін азайтты немесе тоқтатты» деп айтылды.

Министрлік баспасөз хатшысы Морган Ортагус кеше Қытайдағы қызметкерлер және азаматтардың елден эвакуацияланғанын білдірген болатын.

Жаңа типтегі коронавирус алдымен Хубэй уалиятындағы Ухан қаласында 12 желтоқсан күні анықталған еді.



Ұқсас жаңалықтар