Хоуситтер Сауд Арабиясы аймақтарына шабуыл жасады

Хоуситтер Арампо комплекстеріне, екі әуежайға және бір әскери базаға әуеден шабуыл ұйымдастырғандарын хабарлады.

1349788
Хоуситтер Сауд Арабиясы аймақтарына шабуыл жасады

Йеменде Иран қолдауындағы хоуситтер Сауд Арабиясындағы мұнай компаниясы Арампо комплекстеріне, екі әуежайға және бір әскери базаға әуеден шабуыл ұйымдастырғандарын хабарлады.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхия Сери баспасөз мәслихатында астана Санаға бағытталған үлкен әскери шабуылды кері қайтарғандарын және астананың шығысындағы Нехм қаласына қарасты барлық аймақтарды бақылауға алғандарын айтты.

Яхия Сери өздеріне бағытталған шабуылдарға қарымжы ретінде көптеген зымыран және қарулы адамсыз әуе көліктерімен Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джазан қаласындағы Арампо комплексін, Емха және Джизанжағы әуежайларды, Хамис-Мушайттағы бір әскери базаны және елдегі кейбір "сезімтал" түйіндерді нысанаға алғандарын хабарлады.

Мәлімдемеші Сери Джевф және Мариб қалаларында 2 мың 500 километрден астам алаңды қолға түсіргендерін пайымдады.



Ұқсас жаңалықтар