АҚШ шетелдегі қарулы күштерінің санын азайтпақ

АҚШ кейбір аймақтардағы күштерін басқа аймақтарға қондыратыны алға тартылды.

1329387
АҚШ шетелдегі қарулы күштерінің санын азайтпақ

АҚШ шетелдегі қарулы күштерінің санын азайтпақ.

Америка Құрама Штаттарының кейбір аймақтардағы күштерін басқа аймақтарға орналастыратыны алға тартылды.

Америка New York Times   газетінің америкалық  жоғарғы бір  лауазым иесінің айтқанына негізделген хабарында АҚШ Қорғаныс министрі Марк Эспердің Батыс Африкадағы қарулы күштерінің санын азайтуды, тіпті кейбір елдерден түбегейлі шегеруді жоспарлағаны білдірілді.

Эспердің Африка қарулы күштері қол басшылығына әскер шегеру тақырыбында қаңтар айына дейін кең көлемді бір жоспар дайындау бұйрығын бергенін жеткізген лауазым иелері Эспердің Ирактағы әскер санын да 5 мыңнан 2 мың 500-ге азайтуды жоспарлағаны алға тартылды.

Лауазым иелері АҚШ Нигерияда 110 миллион долларға салынған Ұшқышсыз әуе көлік базасынан кетіп, Францияның Мали, Нигерия және Буркина-Фасодағы операцияларына қолдау беруді тоқтатады.

АҚШ-тың шетелде  200 мыңға тарта әскерлері бар.

Лауазым иелері әскер шегерудің Еуропаның тұрақтылығына ықпал жасаумен бірге АҚШ-тан бос қалған жерлерге Қытай мен Ресейдің орналасуы мүмкіндігіне назар аударды. 



Ұқсас жаңалықтар