Украина кемелерін қайтарып береді

Бұл туралы Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметі білдірді.

1308225
Украина кемелерін қайтарып береді

Ресей Қаратеңізде Керч бұғазы маңында ұстаған Украина кемелерін қайтарып береді.

Бұл туралы Ресей Федералдық Қауіпсіздік қызметі білдірді. Қызмет Украинаның үш кемесінің Керч бұғазынан қозғалғанын хабарлады.

Хабарламада «Украинамен арадағы келісімге сай,  үш кеме 18 қараша күні тапсырылады.» деп айтылды.

Орыс әскери кемелері өткен жылдың қараша айында Қаратеңізде Керч бұғазы маңында Украина Теңіз күштерінің үш кемесін тартып алып,  қызметкерлерін қамауға алған болатын.

Халықаралық теңіз құқығы соты мамыр айында Ресей тартып алған кемелер мен қызметкерлерінің босатылуына үкім берген еді.


Этикеттер: #кеме , #Украина , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар