"Әр-Рияд Келісімі Йемен дағдарысының шешімі емес"

Иран Сыртқы істер министрі Әр-Рияд келісімінің бұл елдегі  мәселелердің шешіміне ықпал етпейтінін алға тартты.

1301714
"Әр-Рияд Келісімі Йемен дағдарысының шешімі емес"

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Аббас Мусеви Йемен үкіметі мен бөлшектеуші Оңтүстік Уақытша Кеңес арасында қол қойылған Эр-Рияд келісімінің бұл елдегі  мәселелердің шешіміне ықпал етпейтінін алға тартты.

Мусеви Сыртқы істер министрлігі ресми парақшасында жарияланған мәлімдемесінде «Бұл келісім Сауд Арабиясы мен одақтастарының басқыншылығын күшейтетін болады» деп пайымдады.

Йемендік барлық топтар құрамында орын алатын келіссөздер негізінде барша қатысатын бір бірлік үкіметін құру және бұл елдің шекара тұтастығына Иранның қолдау бергенін атап айтқан Мусеви елдің оңтүстігінің шетелдік күштердің бақылауына өтуіне йемендіктердің рұқсат бермейтінін алға тартты.

Мусеви Сауд Арабиясы әкімшілігінен хоуситтер ұсынған шабуылдарды екі жақты тоқтату ұсынысына болымды жауап қайтаруын талап етіп, Йемен дағдарысында дағдарысты шешудің алғашқы қадамды басу үшін соғысты тоқтату керектігін атап көрсетті.

Йемен үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктері қолдаған бөлшектеуші Оңтүстік Уақытша Кеңес арасындағы дағдарысты тоқтатуы күтілген Эр-Рияд келісімі алдынғы күні Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта қол қойылған еді.



Ұқсас жаңалықтар