Джоко Видодо мен Нарендра Моди бас қосты

Индонезия мен Үндістан террор және ұшқарылыққа қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтуді нысанаға алды.

1299388
Джоко Видодо мен Нарендра Моди бас қосты

Индонезия мен Үндістан террор және ұшқарылыққа қарсы күресте ынтымақтастықты күшейтуді нысанаға алды.

Индонезия агенттігі Антараның хабарына қарағанда Тайландтың астанасы Бангокта ұйымдастырылған 35-ші Оңтүстік шығыс Азия Ұлттар Одағы (ASEAN) саммиті аясында Индонезия президенті Джоко Видодо мен Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди бас қосты. 

Кездесуде Видодо мен Моди террор және ұшқарылық қаупіне қарсы күресте өзара және жаһандық өреде тығыз ынтымақтастықты күшейтуде ортақ көзқарасқа келді.

Моди қауіпсіздік, қорғаныс, сауда және инвестиция қатарлы салаларда  да Индонезиямен ынтымақтастықты бекемдеуге бел байлағандарын білдірді.

Үндістан мен Индонезия дипломатиялық қарым-қатынас орнатуының 70 жылдығына орай екі жақтылы қарым-қатынастарды бекемдеудің маңыздылығына тоқталған Моди Видодоны келесі жылы Үндістанға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар