Ресей Сириядағы әскерлеріне қосымша сауытты көлік жолдады

Ресей қауіпсіз аймақта бақылау міндетін атқару мақсатымен ондаған қосымша сауытты көлікті Сирияға жеткізді.

1295659
Ресей Сириядағы әскерлеріне қосымша сауытты көлік жолдады

Ресей Қорғаныс министрлігі тарапынан Түркия мен Ресей арасында Сочиде жасалған келісімге сай қауіпсіз аймақта бақылау міндетін атқару мақсатымен ондаған қосымша сауытты көлік Сирияға жеткізілді.

Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Түркия мен Ресей арасында Сочиде жасалған келісім аясында қауіпсіз аймақта бақылау міндетін атқару мақсатымен ондаған қосымша сауытты көлік Сириядағы Хмеймим Әуе базасына жеткізілгені білдірілді. Сауытты көліктердің террористік ұйым YPG/PKK мүшелері мен қаруларының Сирия-Түркия шекарасының 30 километр сыртына шығарылуына көмектесетін орыс әскери полициясына тапсырылатыны білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар