Оңтүстік Корея мен АҚШ ортақ әскери жаттығу бастады

Одақтастар Корея түбегінде күтілмеген оқиғалармен күресу қабілеттерін жетілдіруді мақсат еткен жаттығудың 20 тамызға дейін жалғасуы күтілуде.

1248303
Оңтүстік Корея мен АҚШ ортақ әскери жаттығу бастады

Оңтүстік Корея мен Америка Құрама Штаттары ортақ әскери жаттығу бастады.

Йонхапта жарияланған хабарда екі ел арасында 5 тамыз күні "19-2 Dong Maeng" аталған ортақ әскери жаттығу басталғаны білдіріліп, жаттығу аясында "дағдаысты басқару мен қызметкерлерге білім беру" отырысы ұйымдастырылғаны атап көрсетілді.

Одақтастардың Корея түбегінде күтілмеген оқиғалар болған жағдайда онымен күресу қабілеттерін жетілдіруді мақсат еткен жаттығудың 20 тамызға дейін жалғасуы күтілуде.

Әскери жаттығуға қатысқан қызметкерлер саны және жаттығудың мазмұнына байланысты мәлімдеме жасалмады.

Оңтүстік Корея үкіметі Солтүстік Корея тарапынан 25 шілде күні ұшырылған зымырандардың Оңтүстік Кореяға "ескерту" екеніне байланысты хабарларға қарамай АҚШ-пен жоспарланған ортақ әскери жаттығуларда өзгеріс болмағанын жариялаған болатын.

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі 16 шілдедегі мәлімдемесінде  "19-2 Dong Maeng" аталған ортақ әскери жаттығу жасалатын болса, Пхньион әкімшілігінің Вашингтонмен жұмыс дәрежесіндегі келіссөздерді қайта бастау тақырыбындағы келісімді қайтадан ойластыратындарын білдірген.



Ұқсас жаңалықтар