Нигерияда Боко Харам кепілге алған 54 адам құтқарылды

Боко Харам террористтік ұйымының 2009 жылдан бері ұйымдастырған топтық күш қолдану әрекеттерінде 20 мыңнан астам адам қаза тапты.

1200216
Нигерияда Боко Харам кепілге алған 54 адам құтқарылды

Нигерияның солтүстік шығысында террористтік ұйым Боко Харам кепілге ұстаған 54 адам құтқарылды.

Нигерия армиясының мәлімдемешісі Муса Сагир Борно уәлаятына қарасты Маалласува және Яга-Муние ауылдарында террорлық ұйымға бағытталған операция ұйымдастырылғанын білдірді. 

Мәлімдемеші "Ауылдарда ұйымдастырылған операцияларда 29 әйел мен 25 бала құтқарылды" деді. 

Нигерияда 2000 жылдың басынан бері ойран салып келе жатқан Боко Харам террористтік ұйымының 2009 жылдан бері ұйымдастырған топтық күш қолдану әрекеттерінде 20 мыңнан астам адам қаза тапты. 

Ұйым 2015 жылдан бері Нигерияның көршілері Камерун, Чад және Нигер елдерінде де шабуылдар жасап келеді.

Боко Харам ұйымының Чад көлі  өңіріндегі шабуылдарында кемінде 2 мың кісі қаза тапты. 



Ұқсас жаңалықтар