Венесуэлада әскери төңкеріс әрекеті

Гуаидо Каракастағы «La Carlota» әуе базасы маңында бір топ әскермен түскен бейне көріністі твиттерден жариялады.

1192669
Венесуэлада әскери төңкеріс әрекеті

Венесуэла үкіметі оппозиционерлермен байланысты бір топ әскердің төңкеріс әрекеті бастағанын және көтерілістің алдын алуға тырысылғанын жариялады.

Венесуэла коммуникация, Мәдениет және туризмге жауапты министр және вице-президент Хосе Родригес твиттер арқылы «оңшыл оппозиционерлермен ынтымақтастық жасаған сатқын» әскерлердің шағын төңкеріс бастамасының алдын алудың жалғасқанын білдірді.

Венесуэлада өзін президент болып жариялаған Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо болса твиттер арқылы жариялаған 3 минуттық бейне көрініспен халық пен әскерлерді көшеге шығуға шақырды.

Гуаидо Каракастағы «La Carlota» әуе базасы маңында бір топ әскермен түскен бейне көріністі твиттерден жариялады.

Үш минуттық бейне көріністе бір сауытты көліктің алдында бір топ әскер мен үй қамауындағы оппозиционер активист Леополдо Лопезді қасына алған Гуаидо әскерлерді атазаңды қорғау үшін шеруге шақырды.

Гуаидо «Елді демократиялық тұрғыдан қайтадан тірілту үшін сіздерді қозғалуға шақырамын. Енді уақыты келді» деді.

Бас қала Каракаста кейбір әскери жасақтардың жолды жапқаны, кейбір жолдарда болса әскери көліктердің орналасқаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар