Зариф Трампты сынға тартты

Зариф «Бұл тек экономикалық бір соғыс емес, сонымен қатар экономикалық терроризм» деді.

1175161
Зариф Трампты сынға тартты

Зариф Трампты сынға тартты.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Америка Құрама Штаттары санкцияларының мемлекеттегі сел апатында зардап шеккен жерлерге жеткілікті жәрдемдердің жеткізілмегеніне себеп болғанын алға тартты.

Зариф Твиттер парақшасынан жасаған мәлімдемесінде Иран Қызыл жарты ай қоғамының сел апаты салдарынан зардап шеккен аймақтарға жәрдем беруге қиналғандарына тоқталып, АҚШ-тың санкцияларын сынға тартты.

Иранға бағытталған санкциялары себепті АҚШ Президенті Дональд Трампты қатал сынға тартқан Зариф «Трамптың санкция шешімі  Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2231 нөмірлі шешімі және Халықаралық әділет кеңесінің баптарына қайшы. Бұл тек экономикалық бір соғыс емес, сонымен қатар экономикалық терроризм» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар