Шығанақ елдері табиғи газ үшін Катарды өздеріне бағындырғысы келді

Катар вице-премьері Катардың «Lusail» газетіне сұхбат берді.

1161704
Шығанақ елдері табиғи газ үшін Катарды өздеріне бағындырғысы келді

Катар вице-премьері және бұрынғы Энергия және өнеркәсіп министрі Абдуллах ибн Хамед әл-Атыййе елінің әлемнің ең үлкен табиғи газ резервтеріне ие екенін, осы себептен шығанақ елдерінің Катарды өздеріне бағандырғысы келгенін алға тартты.

Катардың «Lusail» газетіне сұхбат берген Атыййе елінің 2017 жылы маусым айында шығанақтағы дағдарыстың негізгі нысанасына айналғаны жайлы маңызды мәлімдемелер жасады.

Бағындыру террормен мүлдем байланысы жоқ екенін атап көрсеткен Атыййе «Табиғи газ резервтері үшін көрші елдер бізді басып алғысы келді» деді.

«БҰҰ, Әлем Банкі, Халықаралық валюта қоры жалпы бүкіл әлем Катардың террормен ешбір байланысы жоқ екенін жақсы біледі» деген Атыййе қоршау себептерінің террормен байланысты емес, негізгі нысананың Катарды басып алу екенін атап көрсетті.

Атыййе «Көрші елдер осы опасыз тұзақты іске асыру үшін АҚШ-тан сигнал күтті» деді.

Атыййе Катарда 350 мың мысырлықтың абыройымен жұмыс істегенін атап, «Мәселенің ішкі мазмұнына қарағанда негізінде зиян көргендер бізбен байланыс үзгендер» деді.



Ұқсас жаңалықтар