Араб Одағы Сыртқы істер министрлері Каирде бас қосты

Сыртқы істер министрлері сөздерінде Палестина мәселесімен қоса, Сирия, Йемен және Ливия дағдарыстарын да бағаландырды.

1158402
Араб Одағы Сыртқы істер министрлері Каирде бас қосты

Араб Одағы Мысырдың астанасы Каир қаласындағы тұрақты мекенінде Сыртқы істер министрлері өресінде бас қосты.

Араб Одағының Бас хатшысы Ахмет Әбу Гайт Сомали Сыртқы істер министрі Ахмет Иса Авад төраға болған жиналыста жасаған баяндамасында Америка әкімшілігі тарапынан екі жыл бұрын дайындалған Орталық Шығыс бейбітшілік жобасынан болымды бір нәтиже шықпағанын, керісінше, палестиналықтарға қарсы шешімдер мен қимылдардың артқанын айтты. 

Бас хатшы Ахмет Әбу Гайт:

"Палестина мәселесі басты орында. Аймақтың тұрақтылығы Палестина мәселесінің әділ және көлемді түрде шешілуіне байланысты болып отыр. Бұл болса, астанасы Шығыс Иерусалим болған бір Палестина мемлекетінің құрылуы және Палестина территориясындағы басқыншылықтың аяқталуы арқылы ғана іске аспақ. Палестина территориясындағы оқиғаларды мұқият бақылап отырмыз" деп баса көрсетті.

Наурыз айының соңында Тунисте ұйымдастырылатын Араб Одағы саммитіне де тоқталған Әбу Гайт саммитте лидерлердің араб елдерінің қазіргі дағдарыстарын шешетін жол салуларын күткендерін білдірді.

Жиналыста Әбу Гайттен кейін Палестина, Сомали, Ливия және Джибути Сыртқы істер министрлері де баяндама жасады. 

Сыртқы істер министрлері сөздерінде Палестина мәселесімен қоса, Сирия, Йемен және Ливия дағдарыстарын да бағаландырды. 



Ұқсас жаңалықтар