Гуаидо жәрдемдер үшін коалиция құратындарын жариялады

Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо елге әкелетінін жариялаған «гуманитарлық жәрдем» үшін коалиция құратындарын жариялады.

1138106
Гуаидо жәрдемдер үшін коалиция құратындарын жариялады

Венесуэла өзін уақытша мемлекет басшысы ретінде жариялаған Ұлттық Мәжіліс төрағасы Хуан Гуаидо елге әкелінетінін жариялаған «гуманитарлық жәрдем» үшін ұлттық және халықаралық коалиция құратындарын жариялады.

Венесуэла президенті Николас Мадуроның заңдылығын қабылдамаған және АҚШ-тан бастап көптеген батыс және латын елі тарапынан танынған Хуан Гуаидо әлеуметтік медиа парақшасынан гуманитарлық жоспары жайлы мәлімдемелер жасады.

Гуаидо Бразилия, Колумбия және Кариб теңізіндегі бір аралдан апарылатын «гуманитарлық жәрдемдер» үшін ұлттық және халықаралық коалиция құратындарын атап көрсетті.

Гуаидо армияның аталмыш жәрдемдерін елге кіргізу үшін рұқсат беру мақсатты шерулер ұйымдастыратындарын атап көрсетті.

Хуан Гуаидо мәлімдемесінде Венесуэланың мүліктері мен банктік есеп-шоттарын кепілдікке алу үшін Еуроодақ елдерімен әңгімелесетіндерін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар