"Түркия ауылдарды емес, террор ұйымы PKK нысаналарын бомбалады"

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі премьер-министрі Нечирван Барзани "Түкрияның ауылдарды емес, PKK-ның нысаналарын" бомбалағанын жариялады.

1134201
"Түркия ауылдарды емес, террор ұйымы PKK нысаналарын бомбалады"

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі премьер-министрі Нечирван Барзани Түркияның ауылдарды емес, террор ұйымы PKK нысаналарын бомбалағанын жариялады.

Нечирван Барзани Эрбильде болып өткен баспасөз жиналысында түрік әскери базасына кеше жасалған провокациялық шабуылға қатысты маңызды мәлімдемелер жасады.

Түркияның аймаққа әуе шабуылы жасауының жалғыз жауаптысының террор ұйымы PKK екенін атап көрсеткен Барзани «Әуе шабуылында ауылдар нысанаға алынды ма? Жоқ! PKK болмысын жалғастырған аймақтар ғана нысанаға алынды. Осында болған оқиғаның айыптысы PKK-ның өзі» деді.

Аймақ халқының бейбітшіл түрде шеру жасауға құқылы екенін, бірақ провокацияларға рұқсат берілмейтінін атап көрсеткен Барзани «Түрік әскери базасына барып шабуылдау шешім емес. Халықтың келіп бізбен әңгімелесуі керек еді. PKK сол жерге болмаса, әуе шабуылы жасамайтын еді. Сол жердегі халыққа мұның алдында кейбір аймақтарға кірмеулері жайлы ескертулер жасадық, дегенмен азаматтарымыз мұны елемеді. Осындағы оқиғалардың жалғыз себебінің  PKK екені өте ашық» деді.



Ұқсас жаңалықтар