Франциядағы сары жейделілер шеруі 9-шы аптасында жалғасты

Полиция сары жейделі ереуілшілердің Шанз-Элизе даңғылына кіруіне рұқсат бермеді.

1124519
Франциядағы сары жейделілер шеруі 9-шы аптасында жалғасты
fransa sari yelekliler2.jpg
fransa sari yelekliler1.jpg

Францияда үкіметке қарсы сары жейделілер бас қала Парижден бастап әртүрлі қалаларда билікке дауыстарын жеткізу үшін тағы бір рет шеруге шықты.

Елде жанармай бағаларының өсуі және экономикалық тұрмыстың нашарлауына наразылық ретінде 17 қараша күні басталған дегенмен кейін президент Эммануэль Макрон әкімшілігіне қарсы шерулерге айналған акциялар 9-шы аптасында жалғасты.

Бас қала Парижде Экономика министрлігі маңындағы «Bataillon du Pacifique» алаңында жиналған сары жейделі ереуілшілер Шанз-Элизе (Champs-Elysees) даңғылына қарай шеру бастады.

Шеру барысында тас лақтырған ереуілшілерге қарсы полиция газ және қысымды су қолданды.

Полиция ереуілшілердің Шанз-Элизе даңғылына кіруіне рұқсат бермеді.

Кешкі уақытқа дейін жалғасқан шерулер ереуілшілердің тарқауымен аяқталды.

121 адам тергеуге алынған Париждегі шерулерде бірнеше адамның да жарақат алғаны білдірілді.

Ішкі істер министрлігі мағлұматтарына қарағанда ел көлеміндегі шерулерге 8 мың Парижде барлығы 84 мың адам қатысты.

Toulouse, Nimes, Nantes, Rouen, Marsilya, Lyon, Saint-Etienne Caen ve Lille қалаларында да ереуілдер жалғасты.



Ұқсас жаңалықтар