Ауғанстанда ДАИШ-тік 16 террорист залалсыздандырылды

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятында ДАИШ-ке қарсы ауқымды бір операция жасалды.

1116108
Ауғанстанда ДАИШ-тік 16 террорист залалсыздандырылды

Ауғанстанның шығысындағы Нангархар уәлаятында ДАИШ террор ұйымына бағытталған операцияда 16 террорист залалсыздандырылды.

Нангархар губернаторы Атауллах Ногяни қауіпсіздік күштерінің Нангархардың Ачин ауданында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы әуеден және құрлықтан операция жасалғанын мәлімдеді.

Операцияда 16 ДАИШ-тік террористің залалсыздандырылғанын атап айтқан Ногяни өлтірілген террористтер арасында ұйым басшыларының бірі Хаттаб Баджуридің де бар екенін білдірді.

Хогяни операцияда жазықсыз адамдарға зиян келмегеніне назар аударды.



Ұқсас жаңалықтар