Иран мен Ирак әскерлердің мәйітін тапсырып алды

Иран мен Ирак соғыста қаза тапқан 50 әскердің мәйітін айырбастап алды

1110107
Иран мен Ирак әскерлердің мәйітін тапсырып алды

Бағдат пен Тегеран әкімшіліктері 1980-1988 жылдары арасында болған Иран мен Ирак соғысында қаза тапқан әскерлердің мәйіттерін бір біріне тапсырып берді.

Халықаралық Қызылкрест ұйымынан жасалған мәлімдемеде Ирактың оңтүстігіндегі Васыт уәлаятындағы Зарбатие шекара қақпасында екі жақтан 50 әскердің мәйіттері тапсырылғаны білдірілді.

Мәлімдемеде аталмыш мәйітті айырбастау аясында Иранның 46, ал Ирактың 4 әскерінің мәйітін тапсырып алғаны білдірілді.

Иран мен Ирак арасындағы 8 жылға созылған соғыста бір миллионнан астам адам қаза тапқан болатын

Екі ел соғыста қаза тапқандардың мәйіттерін өзара тапсыруға байланысты Халықаралық Қызылкренст ұйымының бақылауында 2008 жылы бір келісім жасасқан болатын.  


Этикеттер: #Иран , #Ирак , #соғыс , #әскер

Ұқсас жаңалықтар