Пәкістандық генералдың керуеніне қарулы шабуыл жасалды

Пәкістанда генерал майор Саид Ахмед Награның керуеніне шабуыл жасалды.

1075979
Пәкістандық генералдың керуеніне қарулы шабуыл жасалды

Пәкістанда генерал майор Саид Ахмед Награның керуеніне шабуыл жасалды. Қарулы шабуылда 2 әскер қаза тапты.

Пәкістан медиасында орын алған мағлұматқа қарағанда шабуыл Белуджистан уәлаятының Вашук қаласы маңында болды.

Араларында Шекара Корпустары Оңтүстік қанаты бас инспекторы болған Награ да мінген 5 көліктік керуенге жасалған қарулы шабуылда 2 әскер қаза тапты.

Награ болса шабуылдан жарақат алмай құтылды. Шабуылды Белуджистанның тәуелсіздігін жақтайтын Белуджистан азаттық армиясы мойындады.

Пәкістан Ішкі істер министрі Шехрияр Африди әлеуметтік медиа арқылы жасаған мәлімдемеде шабуылды айыптап, «еліміздің дұшпандары осындай қорқақтықпен жасалған шабуылдармен біздің ынтамызды жоя алмайды. Генерал майор Награның керуеніне жасалған осы шабуылды айыптаймын. Баршамыз бірге Белуджистанның мәселелерін шешеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар