Йеменде 14 миллион адам ашаршылықпен бетпе-бет

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстарға жауапты Бас хатшы орынбасары Mark Lowcock Йеменні толығымен қоршаған ашаршылық қаупіне қарсы ескерту жасады.

1074731
Йеменде 14 миллион адам ашаршылықпен бетпе-бет

БҰҰ Гуманитарлық жұмыстарға жауапты Бас хатшы орынбасары Марк Лауукук (Mark Lowcock) Йеменні толығымен қоршаған үлкен бір ашаршылық қаупі бар екенін атап көрсетті.

Lowcock БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Йеменде күн өтен сайын нашарлаған гуманитарлық жағдаймен байланысты мағлұмат беріп, жедел түрде гуманитарлық атысты тоқтату шақыруы тастады.

Йеменде хоуситтер мен Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция жасақтары тарапынан қолдау берілген үкімет күштері арасында 3 жылдан астам уақыттан бері жалғасқан қақтығыстарда мыңдаған адам қаза тапты.

БҰҰ-на қарағанда Йеменде ел тұрғын санының 75 пайызы яғни 22 миллионнан астам адам гуманитарлық жәрдем мен қорғауға мұқтаж.

Көптеген салада гуманитарлық дағдарыс бар елде таза ауыз суына қол жеткізу мүмкіншілігі болмауы дәрі-дәрмек кемшілігі сияқты себептермен тырысқақтан бастап, жұқпалы аурулар күн сайын кең тарауда.



Ұқсас жаңалықтар