Сыртқы істер министрі грек әріптесіне көңіл айтты

Афиныда шыққан орман өртінде 50 адам қаза тапты, көптеген адам жарақат алды.

1018164
Сыртқы істер министрі грек әріптесіне көңіл айтты

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Грекияның бас қаласы Афины маңындағы өртпен байланысты Грекия Сыртқы істер министрі Никос Кодзиасқа телефон шалды.

Министр Чавушоғлу грек әріптесі Кодзиаспен телефон әңгімесінде Грекиядағы өртке орай өкінгенін атап қаза тапқандар үшін көңіл айтты.

Чавушоғлу Кодзиасқа Түркияның әртүрлі жәрдемге дайын екенін де білдірді.

Грекияның бас қаласы Афины маңындағы орман алаңында басталған өрттердің тұрғын аймақтарға тарауы салдарынан 50 адам қаза тапқан, көптеген адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар