Коалиция күштері босқындар мінген автобусты бомбалады

Араб коалиция күштерінің Хубейде қаласына жасалған «қателі» әуе шабуылында 9 жазықсыз адам қаза тапты.

1000926
Коалиция күштері босқындар мінген автобусты бомбалады

Йеменде Сауд Арабиясы басшылығындағы коалиция күштері тарапынан Хубейде қаласында жасалған «қателі» әуе шабуылында 9 жазықсыз адам қаза тапты, 11 жазықсыз адам жарақат алды.

Әскери ақпарат көздеріне қарағанда коалиция күштеріне қарасты ұшақтар қаланың Джеррахи ауданының солтүстігінде хоуситтерге тиесілі бақылау бекеті маңында жазықсыз босқындарды тасыған көлікті нысанаға алды.

Шабуылда хоусит мүшелері бар бақылау бекетінің нысанаға алынғаны, бірақ «қателікпен» маңындағы босқындарды тасымалдаған көлікті бомбалағаны атап көрсетілді.

Сондай-ақ хоусит мүшелері жазықсыз адамдарды тасымалдаған автобус пен көліктерді қолданғаны себепті үкімет күштері мен коалиция күштерінің бір-бірінен ажыратуда қиналғаны атап көрсетілді.

Коалиция күштерінен оқиғамен байланысты кезкелген мәлімдеме келмеді.

Үкімет күштері Хубейде қаласы мен портын хоуситтерден кері қайтару үшін 13 маусым күні коалиция күштерінің қолдауымен операция жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар