Түркия сатып алған қарулардың өндірісі басталды

Орыс Рособоронэкспорт фирмасы Түркияға экспортталатын S-400 әуе қорғаныс жүйесінің өндірісін бастағандарын атап көрсетті

958504
Түркия сатып алған қарулардың өндірісі басталды

Орыс мемлекеттік қару экспорттау фирмасы Рособоронэкспорт (Rosoboroneksport) төрағасы Александр Михеев Түркияға экспортталатын S-400 зымыран қорғаныс жүйесінің өндірісін бастағандарын атап көрсетті.

Орыс хабар агенттігі Спутникке сұхбат берген Михеев келісімге сәйкес жұмыстардың басталғанын атап, қазірше тасымалдау жұмыстарының басталмағанын білдірді.

Михеев «Өндіріс басталды. Осы тұғырда кейбір кезеңдер мен сатылардан өтеміз. Барлық тақырыптар талқыланды. Жауапкершілігімізді толық орындаймыз» деді.

Орыс қорғаныс өнеркәсібі фирмасы Ростех (Rosteh) төрағасы Сергей Чемезов Түркияның Ресейден 4 дана S-400 зымыран қорғаныс жүйесі құрылғысын 2.5 миллиард долларға сатып алғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар