'New York Times' газеті PYD-PKK-ның бірдей ұйым екенін жазды

PYD-YPG террор ұйымының қысым стратегиясы АҚШ медиасының да тақырыбы болды.

927946
'New York Times' газеті PYD-PKK-ның бірдей ұйым екенін жазды

New York Times газеті ұйымның басқыншылығындағы Сирияның Манбидж аймағындағы жағдайды қадағалады.

Қалада өмір сүрген халыққа бағытталған қысым мен зұлматқа орын берген бір мақалада PKK-YPG байланысына да орын берілген.

PKK/PYD-YPG болған аймақтарда қысым, зұлымдық және жәбірлеумен билік орнату талпынысында екені атап көрсетілген мақалада аймақта көптеген қылмыс жасағаны дәлелденген ұйым ең көп ықпал еткен аймақтардың басында Манбидж келеді.

Өткен апта Манбидж халқы PKK/PYD-YPG-ге қарсы көтеріліп, шерулер ұйымдастырған болатын.

Мақалаға қарағанда аймақ халқы террор ұйымының қысымына ұшырағаны әрекеттердің артынан мазасызданса да жеткілікті деңгейде үнін жеткізе алмай отыр.

Мақалада араб текті бір мұғалімнің де көзқарасы орын алған. Мұғалім қаладағы арабтардың көпшілігінің бақытсыз екенін, бірақ бұл жайлы сөз қозғаудан шегінгендерін, қаңтар айы басында ұсталған араб текті екі еркектің мәйіттерінің 17 күннен кейін бір автожолдың шетінде табылуының оларды одан да көп мазалағанын түсіндірген.

Террор ұйымының бақылауына өткен жерлерде PKK террор ұйымы басшысының портретімен ортаға қойған идеологиясын қойғанын атап көрсеткен мақалада АҚШ-тың Сирия және Ирактағы Арнайы жасақтар қолбасшысы генерал-лейтенант Джеймс Жаррардтың сөздеріне де орын берілген.

Жаррард аймақтағы көптеген адамның YPG мен PKK-ны бірдей бағалағанын мойындаған болатын. Алайда өзі көптеген платформада террор ұйымы PKK-YPG байланысын мойындамауға тырысты.

Генерал-лейтенанттың сөздерін теріске шығарған Халықаралық дағдарыс тобы лауазымдыларының бірі Жоост Хилтерман болды. Хилтерман PKK-YPG байланысын мойындады.

New York Times газеті «Жоост Хилтерман 'Барша олардың PKK екенін біледі. Көпшілігі сириялықтардан құралса да PKK-ның тармағы екені сөзсіз’ деп бағалайды» деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар