Мексика Ішкі істер министрі мінген тікұшақ құлады

Мексика Ішкі істер министрі мен Оахака губернаторы мінген тікұшақ құлады, апат кезінде 13 адам қаза тапты.

912664
Мексика Ішкі істер министрі мінген тікұшақ құлады

Мексика Ішкі істер министрі мен Оахака губернаторы мінген тікұшақ құлады. Тікұшақ құлаған алаңда 13 адам қаза тапты.

Мексиканың Оахака штатында кеше 7,2 балл күшінде жерсілкінісі болды. Жер қабатының 43 шақырым тереңдігінде болған жер сілкінісінде ешбір ғимарат қирамады. Екі ауданда 50 шақты үйге зиян келгені білдірілді.

Жер сілкінісі кезінде адам шығыны болмағаны білдірілді. Мектептер және ауруханалар эвакуацияланды. Жер сілкісінің артынан тағы бір қайғылы оқиға болды.

Оқиға орнына бара жатқан Ішкі істер министрі Алфонсо Наваррити (Alfonso Navarrete) және Оахака губернаторы мінген тікұшақ құлады. Қону кезінде жерге 40 метрдей жақындағанда тікұшақ бақылаудан шықты.

Әскери тікұшақтың экипажы мен лауазымдылар жарақат алды. Алайда тікұшақ құлағанда алаңдағы 13 адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар