Трампқа көңіл айтты

Путин Трампқа көңіл айтты.

911367
Трампқа көңіл айтты

Ресей президенті Владимир Путин Америка Құрама Штаттарының Флорида штатында 17 адам қаза тапқан шабуылдан кейін АҚШ президенті Дональд Трампқа көңіл айтты.

Кремль президент Путиннің жеделхат жолдап,  АҚШ президенті Дональд Трампқа Флоридадағы мектепте болған трагедиялық жағдайға байланысты көңіл айтқанын хабарлады.

Хабарламада «Путин қаза тапқандардың отбасы және жақындарына көңіл айтып, қолдауын білдірді.  Жаралылардың тез сауығып кетуін тіледі» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар