Жапония Сыртқы істер министрі Палестинада

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас Жапония Сыртқы істер министрі Таро Кононы қабылдады.

875890
Жапония Сыртқы істер министрі Палестинада

Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас Жапония Сыртқы істер министрі Таро Коно және қасындағы делегацияны Рамаллахтағы Елбасы ғимаратында қабылдады.

Палестина хабар агенттігі WAFA-ға қарағанда Аббас пен Коно Палестина және аймақтағы мәселелерді қолға алды.

Аббас Жапонияның БҰҰ Бас Ассамблеясында Иерусалим жобасы тақырыбында берген оң дауысы және Палестина экономикасы мен мекемелерінің құрылыс жұмыстарына берген қолдауы үшін мақтан тұтқандарын білдірді.

Аббас Палестина әкімшілігінің Жапониямен ынтымақтастықты күшейткісі келгенін тілге тиек етті.

Таро болса Палестина мен Израиль арасындағы екі мемлекетті шешім негізіндегі саяси кезеңге қолдау бергендерін атап, Палестина халқына экономикалық қолдаудың жалғасатынын білдірді.

Жапония Сыртқы істер министрі Палестина, Израиль, Иордания, Оман және Түркияны қамтыған 6 күндік Таяу Шығыс турын алдынғы күні бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар