Солтүстік Корея басшысынан Палестинаға қолдау

Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.

865241
Солтүстік Корея басшысынан Палестинаға қолдау

Солтүстік Корея басшысы Ким Чен-Ын «есуас» деп атаған Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың Израильдегі АҚШ Өкілетті елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіру шешімін «абайсыз» және «жиіркенішті» бір бастама ретінде бағалады.

Солтүстік Корея басшысы Трамптың Иерусалим шешіміне қарсы шығып, «Израиль деген бір мемлекет бар ма, астанасы Иерусалим болсын?» деді.

Франция AFP хабар агенттігінің хабарына қарағанда, Солтүстік Корея Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі жасаған мәлімдемеде АҚШ-тың бастамасының әлем бейбітшілігі мен жаһандық қауіпсіздікке кімнің қауіп төндіргеніне назар аударып, «Заңды құқығын алу үшін күрескен Палестина және Араб халықтарына қолдау беріп, ынтымақтастығымызды жасаймыз» делінді.



Ұқсас жаңалықтар