Палестина елбасы Трамп және Путинмен сөйлесті

Елбасы Махмуд Аббас Иерусалимнің мәртебесі мәселесін АҚШ президенті Трамп және Ресей президенті Путинмен сөйлесті.

862220
Палестина елбасы Трамп және Путинмен сөйлесті

Палестина елбасы Махмуд Аббас Иерусалиммен байланысты жаңалықтар тақырыбында АҚШ президенті Дональд Трамп және Ресей президенті Владимир Путинге телефон шалды.

Трамп пен Аббастың телефон әңгімесіне қатысты мәлімдемені Палестина мемлекеттік мәлімдемешісі Небил Әбу Рудейне жасады.

Палестина ресми хабар агенттігі WAFA-да орын алған мәлімдемеге қарағанда Трамп Палестина мемлекет басшысы Аббаспен әңгіме барысында АҚШ-тың Тель-Авивдегі өкілетті елшілік ғимаратын Иерусалимге көшіру ниетін атап көрсетті.

Мәлімдемеде Аббастың Трампты бұл бағытта басылатын бір қадамның бейбітшілік келіссөздеріне зиян келтіретінін, аймақтық және жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа қауіп төндіретіні туралы ескерту жасағаны атап көрсетілді.

Әбу Рудейне мәлімдемесінде «Елбасы Аббас тағы бір рет Араб бейбітшілік жоспары мен халықаралық шешімдерге қарағанда бас қаласы Шығыс Иерусалим болмаған бір Палестина мемлекетінің құрыла алмайтыны жөніндегі ұстанымын тағы бір рет тілге тиек етті» деді.

Палестина мемлекет басшысы аталмыш мәселеде Ресей президенті Путинмен әңгімелесті. Әңгіме барысында Аббас Путинмен «АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде танитыны қауесеті» жайлы сөйлесті.

Кремльден жасалған жазбаша мәлімдемеде Путиннің Аббаспен телефонда Таяу Шығыстағы мәселелер мен Иерусалимнің мәртебесіне қатысты соңғы кездегі жаңалықтарды бағалағаны білдірілді.

Мәлімдемеде Путиннің «Ресей Иерусалимнің мәртебесіне қоса, барлық дау-дамайлы тақырыптар үшін Палестина мен Израиль арасында тікелей келіссөздердің дереу бастауын қолдайды» дегені атап көрсетілді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі қысқа уақыт бұрын жасаған мәлімдемемен Ресейдің Батыс Иерусалимді Израильдің бас қаласы ретінде қабылдағанын және Шығыс Иерусалимнің де келешекте құрылатын бір Палестина мемлекетінің бас қаласы болу керектігіне сенгенін жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар