АҚШ Түркияға қауіп төндіретін ауыр қаруларды YPG-ден жинап алады

Пентагон Түркияға қауіп төндіретін барлық қаруларды жинап алатындарын мәлімдеді.

858915
АҚШ Түркияға қауіп төндіретін ауыр қаруларды YPG-ден жинап алады

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) Таяу Шығыс бөлімшесі мәлімдемешісі Эрик Пахон АҚШ-тың Түркияға қауіп төндіретін барлық қаруларды YPG-ден жинап алатындарын атап көрсетті.

Пахон АҚШ-тың YPG-ге берген ауыр қарулар мен сауытты көліктерді қайтарып алуы туралы байланысты мәлімдеме жасады.

Инвентарь және саны тақырыбында ақпарат беруге құзыреті жоқ екенін атап көрсеткен Пахон «Категориялық тұрғыдан одақтасымыз Түркияға қауіп төндіретін қаруларды жинаймыз. Бұлардың инвентары Түркияның қолында бар» деді.

Қойылған бір сұраққа қайтарған жауабында мәлімдемеші YPG-ге берілген және қақтығыста қолданылмаған бульдозер, мина мен қолдан жасалған жарылғыштарды жинайтын машиналар мен «Humvee» деп аталатын қызметкер тасу көліктерінің кері қайтарылмайтынын тілге тиек етті.

Пахон осыған қоса «MRAP» типі сауытты көліктер мен автоматтар, минометтер және сауытты көліктерге қарсы қолданылған қаруларды жинайтындарын атап көрсетті.

Аптаның басында өткен баспасөз жиналысында Пентагон мәлімдемешісі полковник Роб Мэннинг бір журналисттің қойған «таратылған қаруларды қайтарып аласыз ба?» деген сұрағына «Ниетіміз өзіндік қауіптер жойылған соң үлкен көліктер мен ауыр немесе қызметкерлер қолданған қаруларды кері қайтарып алу» деп жауап қайтарған болатын.

АҚШ, PYD/PKK-ны 2015 жылдың басынан бері жанамалы түрде, үстіміздегі жылдың мамыр айынан бері болса тікелей қаруландыру үшін шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар