Болгария-Иран ұшақ дағдарысында Түркия қолдауы

Болгария премьер-министрі Бойко Борисовтың ұшағының Иран әуе кеңістігінен өтуіне рұқсат берілмеді.

857816
Болгария-Иран ұшақ дағдарысында Түркия қолдауы

Сауд Арабиясына ресми сапармен барған Болгария премьер-министрі Бойко Борисовтың ұшағының Иран әуе кеңістігінен өтуіне рұқсат берілмеді.

Болгария Сыртқы істер министрі Екатерина Захариева премьер-министр Борисовтың ұшағының Иран әуе кеңістігінде рұқсат берілмеуінің артынан түрік лауазымдылардың жәрдемімен Ирак арқылы Сауд Арабиясына ұшқандарын атап көрсетті.

Захариева тиісті барлық рұқсаттарды алғандарын, бірақ Иранның осыған қарамастан әуе кеңістігінен ұшуға рұқсат берілмегенін атап көрсетті.

Захариева Иранның өтуге рұқсат бермеу себебі ретінде өздеріне ұшақтың белгіленген бағыттан шыққанын сылтауратқандарын мәлімдеді.

Премьер-министр Борисовтың ұшағына рұқсат берілмеуінің артынан Софиядағы Иран өкілетті елшісі Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Болгар баспасөзі Иран мен Сауд Арабиясы арасындағы қарым-қатынастардың жақсы емес екенін атап, бұл жағдайдың рейстердің ұшуына кері әсер еткенін жазды.



Ұқсас жаңалықтар