Ирак шетелдіктерге рұқсат берді

Шетелдіктердің Бағдат арқылы кетуіне рұқсат берілді.

818578
Ирак шетелдіктерге рұқсат берді

Ирак үкіметі Ирак күрд автономиясына бағытталған санкциялар аясындағы халықаралық рейс тыйымы салдарынан қалып қойған шетелдіктердің Бағдат арқылы кетуіне рұқсат берді.

Елге Ирак күрд автономиясы арқылы келген шетел азаматтары аймақтық әкімшілік берген виза салдарынан Ирактың басқа өңірлеріне кіре алмайтын. Ирак Ішкі істер министрі Касым әл Араджи журналистерге берген мәлімдемесінде: «Шетел азаматтары айыппұл немесе шығу визасы үшін ақша төлеместен Бағдат арқылы кетуіне болады» деді.

Бағдат әкімшілігі тәуелсіздік референдумынан кейін Ирак күрд автономиясына және автономиядан барлық халықаралық рейстерді тоқтатқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар