Абади Ирак күрдтеріне мерзім таныды

Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің барлық халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылатынын білдірді.

814858
Абади Ирак күрдтеріне мерзім таныды

Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Абади шекара бақылауы үш күн ішінде Бағдат әкімшілігіне берілмесе,  Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің барлық халықаралық әуе рейстерінің тоқтатылатынын білдірді.

 Абади баспасөз мәслихатын ұйымдастырып: «Референдум бүкіл Ирак пен Ирак күрд автономиясына теріс әсер етеді.  Бұл бір жақты қадам болатын. Ирактың бірлігі мен егемендігінен еш кері шегінбейміз. Референдумның қорытындысы бойынша еш келіссөз жүргізбейміз» деді.

Кейбір күрд басшылардың Ирак азаматтары арасында жек көрушілік сезімдерін таратқанын білдірген Абади «Әсіресе күрд азаматтарымыздың және ешбір азаматымыздың абыройына тимейміз» деді.

Абади федералдық бюджеттің атазаңға сай орталық әкімшілікке қайтарылуы керектігін атап көрсетті.

«Ирак күрд автономиясы басшылары жергілікті,  өңірлік және халықаралық орталардың ескертулерін тыңдамады. Күрд автономиясындағы шекара қақпалары Ирак Шекара бақылау мекемесінің шеңберінде болуы керек.  Шекара пункттерін үш күн ішінде Бағдат әкімшілігіне бермесе,  Ирак күрд автономиясынан ұшатын және оған келетін барлық рейстерді тоқтатамыз. Бұл шешім Министрлер кабинетінде қабылданды» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар