БҰҰ бас хатшысы Ирак күрдтеріне ескерту жасады

Гутерреш Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің тәуелсіздік референдумының террорлық ұйым ДАИШ-пен күреске көлеңке түсіретінін айтты.

809049
БҰҰ бас хатшысы Ирак күрдтеріне ескерту жасады

БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерреш Ирак күрд аймақтық әкімшілігінің тәуелсіздік референдумының террорлық ұйым ДАИШ-пен күреске көлеңке түсіретінін айтты.

БҰҰ-дан жасалған хабарламада Гутеррештің Ирактың егемендігі,  территория тұтастығы және бірлігіне құрмет көрсететіні, орталық үкімет пен ИКАӘ арасындағы проблемалардың келісім арқылы шешілуі керектігі айтылды.

Бас хатшы тараптарды тақырыпты сабырмен шешуге шақырды.

Хабарламада: «Бас хатшы тап қазір референдум өткізілуі жөніндегі бір жақты шешімнің террорлық ұйым ДАИШ-пен күреске, қайта алынған аймақтардың жандандырылуына және 3 миллионнан астам босқын және ел ішінде орын ауыстырған адамдардың сенімді түрде елдеріне оралуына көлеңке түсіреді деп ойлайды» деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар