Иордания мен Ирак Трайбил шекара қақпасын ашуға шешім қабылдады

Ирак пен Иордания арасындағы Трайбил шекара қақпасын қайтадан ашуға шешім қабылданды.

798872
Иордания мен Ирак Трайбил шекара қақпасын ашуға шешім қабылдады

Ирак мен Иордания үкіметтері ортақ мәлімдеме жасап, Ирак пен Иордания арасындағы Трайбил шекара қақпасының қайтадан ашылғаны жарияланды.

Жазбаша мәлімдемеде «Ирак қарулы күштерінің елді құтқарып, егемендік қайта қамтамасыз етілген бір кезеңде екі ел ынтымақтастығын барлық салаларда жетілдіріп, халықтар арасында бауырластық байланысты күшейту үшін Трайбил шекара қақпасын қайтадан ашуға шешім қабылданды» делінді.

Екі елді бір-бірімен байланыстырған халықаралық автожолдың ДАИШ-тен тазаланғанына назар аударылған мәлімдемеде шекара қақпасының ашылуымен «гуманитарлық, экономикалық, сауда ынтымақтастығының жылдам өсетіні және екі жақты жеңілдіктер келтіретіні» атап көрсетілді.

Ирак пен Иордания арасындағы Трайбил шекара қақпасы ДАИШ шабуылдары себепті 2015 жылы жабылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар