Солтүстік Корея тағы бір зымыран сынағын жасады

Жапония Солтүстік Кореяның тағы бір баллистикалық зымыран сынағын жасағанын жариялады.

798186
Солтүстік Корея тағы бір зымыран сынағын жасады

Жапония Солтүстік Кореяның тағы бір баллистикалық зымыран сынағын жасағанын жариялады.

Солтүстік Корея Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың қатал ескертулеріне және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешіміне қарамастан таңы бір баллистикалық зымыран сынағын жасады.

Жапония Солтүстік Кореяның тағы бір баллистикалық зымыран сынағын жасағанын және бұл зымыранның Жапония әуе кеңістігінен өткенін хабарлады.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ тақырыпқа байланысты мәлімдеме жасады. Абэ жасаған мәлімдемесінде Солтүстік Кореядан жіберілген баллистикалық зымыранның Жапония кеңістігінен өткенін білдірді.

Абэ осы тақырыпқа байланысты АҚШ президенті Трамппен 40 минут телефон арқылы сөйлескенін айтты. 



Ұқсас жаңалықтар