Марсельде көлікпен шабуылда 1 адам қаза тапты

Марсель бас прокуратурасы оқиғаның террор шабуылы емес екенін жариялады.

793877
Марсельде көлікпен шабуылда 1 адам қаза тапты

Францияның Марсель қаласында көлігін автобус аялдамасында күткен адамдардың үстінен айдаған жүргізуші 1 адамның қаза тауып, 1 адамның жарақат алуына жол ашты.

Полиция жүргізушіні тергеуге алды.

Француз полициясы шабуылдаушының Марсельдегі екі автобус аялдамасында күткен адамдардың арасына кіріп кеткенін білдірді.

Көлік жүргізушісінің оқиға орнында тергеуге алынғанын атап көрсеткен ақпарат көздері «Қазірше бұл шабуылшының мақсаты жайлы мағлұматымыз жоқ» деді.

Прокуратура оқиғаның террор шабуылы емес екенін жариялады.

35 жасар жүргізушінің мұның алдында да қылмыстық тіркеуге алынғанын және психологиясының дұрыс емес екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар