АҚШ-тағы нәсілшіл шабуылдарға наразылықтар жалғасуда

Виржиния штатына қарасты Шарлотсвиль қаласындағы нәсілшіл шабуылдар елдің көптеген қаласында протест етілді.

789308
АҚШ-тағы нәсілшіл шабуылдарға наразылықтар жалғасуда

АҚШ-тың Виржиния штатына қарасты Шарлотсвиль қаласында нәсілшіл топтардың шеруінде шыққан қақтығыстар елдің көптеген қаласында протест етілді.

Мичиган штатында бас қосқан мұсылман және христиан мекемелерінің өкілдері ақ нәсілдердің үстемдігін алға тартқан топтар себеп болған қақтығыстарды айыптады.

Нью-Йоркте еврей мен мұсылман мекемелер неонацисттердің шерулері мен нәсілшілдікке қарсы топтарға жасаған шабуылдарға наразылық көрсетті.

Чикагода бас қосқан жүздеген адам АҚШ бетпе-бет қалған нәсілшіл және жек көрушілік қылмыстардың қоғамдық мағынада үлкен бір қауіп күшіне ие екеніне назар аударды.

Шарлотсвильде болса нәсілшілдікке қарсы топтың үстіне көлік айдалу салдарынан қаза тапқан Хэтер Хайер шабуыл жасалған жерде еске алынды.

АҚШ президенті Дональд Трамптың шабуылды айыптайтын мәлімдемесінде нәсілшіл топтарды атамауына қатысты пікірталастар жалғасуда.

Ақ Үй жасаған мәлімдемеде Трамптың қақтығысқан барлық топтарды айыптағаны бұған ақ нәсілдердің үстемдігін алға тартқандар, Ku Klux Klan, неонацисттер және ұқсас радикал топтардың да қосылғаны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар