Солтүстік Корея шабуылдың уақытын атап көрсетті

хеньян әкімшілігі Гуам аралдарына орта қашықтықта зымыран шабуылын қамтитын жоспар үшін тұңғыш рет күн тізбе жариялады.

787153
Солтүстік Корея шабуылдың уақытын атап көрсетті

Америка Құрама Штаттары және Солтүстік Корея арасындағы зымыран ымыраласуы жалғасып жатқанда, Пхеньян әкімшілігі Гуам аралдарына орта қашықтықта зымыран шабуылын қамтитын жоспар үшін тұңғыш рет күн тізбе жариялады.

Солтүстік Корея ресми хабар агенттігінде орын алған мәлімдемеге қарағанда АҚШ-қа қарасты Гуамға 4 дана зымыран лақтыру үшін жасалған жоспар осы айдың ортасында дайын болады.

Солтүстік Корея армиясынан жасалған мәлімдемеде «Жоспарымызды жасаймыз және Гуамды атқылау үшін Бас қолбасшымыз Ким Чен Ынның бұйрығын күтеміз» делінді.

Мәлімдемеде егжей-тегжейлі түсіндірілген жоспарға қарағанда Корея Халық армиясы тарапынан лақтырылатын «Hwasong-12» зымырандары, 3 мың 357 шақырым қашықтықты ұшып, Гуамның 30 мен 40 шақырым қашықтығында су айдынына құлайды.Зымырандар Жапонияның Шимане, Хиросима және Коичи аймақтарынан ұшады.

Солтүстік Корея әкімшілігі АҚШ президенті Дональд Трамптың «Солтүстік Кореяның қорқытулардан бастартқаны жақсы болар, әйтпесе атқылап, қаһарымызды төгу арқылы қарсылық береміз» деген сөздерін «бос сөз» деп пайымдады.



Ұқсас жаңалықтар